30
март
2021
"Тәуелсіздіктің 30 тартуы"
Түркістан облысы Мақтаарал ауданының адами әлеуетті дамыту бөліміне қарасты "М.Ғабдуллин атындағы №52 жалпы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінде "Тәуелсіздіктің 30 тартуы" жобасы аясында "Денсаулық зор байлық" тақырыбында "Шаңырақ" жобасының 5-6 сынып ер балалар арасында ұлттық ойынымыз асық ойынынан жарыстар өткізілді. Қыз балалар "бес тас" ойынында сайысқа түсті. Іс шараның мақсаты: ұлттық спорттық ойындар арқылы мектеп оқушыларын салауатты өмір салтына дағдыландыру. Жастарымыздың бойында елге деген, Отанға деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.