08
февраль
2021
Тәуелсіздіктің 30 тартуы
Еліміздің Тәуелсіздік алғанына 30 жыл толуына байланысты Мақтаарал ауданы «М.Ғабдуллин атындағы №52 жалпы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мектеп директорының міндетін уақытша атқарушы Айнабекова Жанат Сапарбайқызының басшылығымен «Тәуелсіздіктің 30 тартуы» атты жобаны іске асыру мақсатында әдістеме бірлестік жетекшілерінің отырысы өтті. Жанат Сапарбайқызының бастамасын мектеп ұжымы бірауыздан құптап, әрбір бірлестік өздерінің қосар үлестерін арнайы жоспарланған бағыттар арқылы жүзеге асыруды ұйғарды.
Жобаны 12 бағытта жүзеге асыру жоспарланған:
«30 игі іс», «30 Мәліктанушы», «30 Үздік ата-ана», «Ең үздік 30 идея», «Үздік 30 ұстаз», «Үздік 30 шәкірт», «Үздік 30 оқырман», «Үздік 30 спортшы», «Үздік 30 эссе», «Үздік 30 өнерпаз», «30 Үздік Абайтанушы, Яссауитанушы», «Үздік 30 жас ғалым».
Осы жоба аясында мектебімізде атқарылатын іс-шаралар барысын әлеуметтік желілер арқылы кезең-кезеңімен сіздермен бөлісіп отырамыз. Сізде бізді қолдаңыз!