30
март
2021
"Тәуелсіздіктің 30 тартуы"
Мақтаарал ауданының адами әлеуетті дамыту бөліміне қарасты "М.Ғабдуллин атындағы 52жалпы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінде
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай "Тәуелсіздіктің 30 тартуы" жобасы аясында қазақ тілі мен әдебиет пән әдістеме бірлестігі "30 Үздік Эссе" байқауын жариялап,оқушыларға төмендегідей тақырыптар ұсынды.
3-4сыныптар "Қазақстан- менің Отаным"
5-6сыныптар "Тәуелсіз елімнің ұланымын"
7-8сыныптар "Тәуелсіздік-тартуы ол Тәңірдің"
9-11 сыныптар "Тәуелсіздік-ащы термен келген тәтті жеңіс".
Оқушылардың шығармашылық ізденісі, ой жүйріктігі, тіл байлығы мен көркем сөйлеу әдебі ескеріліп, үздік эсселер іріктеліп алынды.
Шәкірттеріміздің бойына адамгершілік ізгі қасиеттерді,туған жерге деген сүйіспеншілік пен патриоттық тәрбиені сіңіруде, шығармашылық қабілеттерін шыңдауда байқаудың берері мол. Байқау қорытындысы шығарылып, үздік оқушылар марапатталды.