30
март
2021
"Жыр алыбы-Жамбыл"
Мақтаарал ауданының адами әлеуетті дамыту бөліміне қарасты "М.Ғабдуллин атындағы N52 жалпы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінде Жамбыл Жабаевтың туғанына 175жыл толуына орай "Жыр алыбы-Жамбыл"атты әдеби кеш өткізілді.
Әдеби кештің мақсаты-Ж.Жабаевтың өмірі мен шығармашылығы туралы түсінік беру. Өлеңдерін мәнерлеп оқу ,жатқа айту өнерін дамытуға, еліне адал қызмет етуге, Отанға деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.
Кеш барысында оқушылар жыр дүлдүлі Жамбыл ақынның өлеңдерін зор тебіреніспен оқыды.Кеш соңында кішкентай Жамбылдың рөлін сомдаған Мұхаммед Нұрасыл бата беріп, оқушыларды ерекше сүйсінтті.