Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің кәсіби шеберлігін қалыптастыру негізінде оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру. » Ғабдуллин ЖОМ
Түркістан облысы
Мақтарал ауданы білім бөлімінің
"Ғабдуллин атындағы жалпы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің кәсіби шеберлігін қалыптастыру негізінде оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру.
03
май
2021

Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің кәсіби шеберлігін қалыптастыру негізінде оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру.

«М.Ғабдуллин» атындағы   52жалпы орта мектебі 

коммуналдық   мемлекеттік мекемесінің»





Баяндама

Тақырыбы:Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің кәсіби шеберлігін қалыптастыру негізінде оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру.







Қазақтілі мен әдебиеті пәні мұғалімі:

Алиманова Гулжайсан Ретбаевна





2021 ж

               Әдістемелік жұмыс

Тақырыбы:Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің кәсіби шеберлігін қалыптастыру негізінде оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру.

Мақсаты:Мұғалімдердің кәсіби деңгейін ұдайы көтеріп отыру,олардың теориялық білімі мен әдістемелік білімін үздіксіз жетілдіру ,шығармашыл тұлға қалыптастыру оқушылардың интелектуалды қабілеттерін дамыту, шығармашыл іс әрекеттерге жетелеу .

Ақын Әбілда Тәжібаевтың «Мектепті сыйлағандықтан мамандығын жан тәнімен сүйгендіктен мұғалім ең алдымен өзінің интелектісін көтеруі керек,дүниеге деген көзқарастарын биіктетуі керек деп айтқандай мектеп жұмысы мен оқушы жетістіктерін өрістетудегі негізгі тұлға -мұғалім .Заман талабы мен өркениет көшіне ілесу бүгінгі  таңда мұғалімдерге артылатын үлкен жауапкершілікті қажет етеді.Мұғалім үздіксіз ізденіп, оқушының бойына біліммен қатар дағды мен құндылықтарды қалыптастырып,алған білімдерін өмірде қолдана алатындай тұлға тәрбиелеуі қажет.Әдістемелік бірлестік бұл мектепте мұғалімдердің кәсіби біліктілігін шыңдаудың кеңінен таралған формасы.Әдістемелік бірлестік жұмысы әрбір мұғалімнің мектептегі оқу бағдарламаларының мазмұнын,идеяларын және негізгі талаптарын шығармашылықпен игеруіне бағытталған. 

Бірлесе қимылдап ұжымда ортақ шешімге келуге жұмылдыру .Озық және жаңа инновациялық іс тәжірибелер жетістіктерін енгізе отырып жұмыс жүргізудеміз.

2020 жылдың наурыз айында елімізге карантин шаралары енгізілді,білім ордасы онлайн форматқа көшті. Қашықтықтан оқыту барысында әдістемедегі әріптестеріміздің оқытуда біраз қиындыққа тап болды.Мұғалімдерді қолдау мақсатында зум платформасында «қашықтықтан оқыту жағдайында жиынтық бағалауды өткізудің  тиімді жолдары» атты вебинар өткіздім.Вебинарды қалыптастырушы бағалау мен тоқсандық жиынтық бағалауды қандай тиімді сервистер арқылы өткізудің ерекшеліктеріне тоқталдық.Мұғалімдер осы вебинардан үйренгендерін тәжірибеде қолданды .7 «А» сыныбына өзім әдебиет пәнінен 2тоқсандағы тоқсандық жиынтық бағалауды гугл форма сервисін пайдаланып өткіздім.Маған өте тиімді болды,оқушыларымның  қызығушылығын   оятты.Осы тақырыпта серіктес мектептің мұғалімдеріне вебинар өткіздік.Вебинардың тиімді тұстары; мұғалімдердің жақсы қатысуы,кері байланыстың болуы,мұғалімдердің сұраққа жауап беруі

Вебинардың тиімсіз тұстары;уақытты  үнемдемеу

Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімдерінің кәсіби шеберлігін шыңдау мақсатында

Ұлы Абайдың әндерін дәріптеп,Желсіз түнде жарық ай әнін айтып, мектебіміздің бастауыш әдістеме бірлестігіне челлендж жолдадық.Челлендж жолдау арқылы мектебіміздің мұғалімдерінің оқылым дағдысын қалыптастырдық деп айта аламын.

«Кітапханаға кітап сыйла»акция жобасында қазақ тілі әдістеме бірлестігі кітапханаға кітап сыйлап,мектеп ұжымын кітап оқуға шақырдық.

Оқушыларды қашықтықтан оқыту барысында түрлі іс шаралар өтіп жатырмыз.Оқушылардың жазылым дағдысын қалыптастыру мақсатында «Үздік эссе» байқауын өткіздік.М.Мақатаевтың 90 жылдығына орай «Мұқағали-мәңгілік ғұмыр»атты онлайн кеш өткіздік.

Өз шығармашылық ізденістерімен бірлестік мұғалімдері мен бірлесе отырып төмендегі ережелерге сүйенеміз.

  1. Кәсіби дамуда мұғалімдердің оқу үдерісінде жаңа технологияларды оқып-үйреніп бүгінгі күн талабына сай қолдана білу шығармашылық жұмыспен айналысуына жас мамандарға мүмкіндік жасай отырып қолға алуын қадағалау.
  2.  «Интерактивті оқыту әдістеріне сай» жұмыс жүргізу  ашық сабақтар,пән апталығының жоспарын құрып түрлі АКТ пайдаланып ашық сабақтар өтіп жатырмыз. Сын тұрғысынан ойлаудағы дамыту оқыту технологиясына сай жұмыс жасап, озат тәжірибе жинақталып пән мұғалімдеріміз үнемі ізденіс үстінде.
  3. Авторлық бағдарламалар құру әдістемеде мұғалімдердің авторлық бағдарламалары бар мектепшілік іс тәжірибесін тартылуын қолға алғанбыз.Аудан көлемінде бағдарламаларын тарату қолға алынып жатыр.


Қорыта келе: Әр ұстаздың   кәсіби шеберлігі мен біліктілігін жан-жақты көтеру.

Жалпы педагогикалық ұжымының шығармашылық әлеуетін дамыту.

Оқушылардың ғылыми зерттеуге қызығушылығын қалыптастырып, шығармашылық қабілеттерін дамыта отырып жұмыс жүргізу. 

 







Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив