30
March
2021
"Қош келдің, әз Наурыз"
Түркістан облысы Мақтаарал ауданының адами әлеуетті дамыту бөліміне қарасты "М.Ғабдуллин атындағы №52 жалпы орта мектебі" коммуналдық мекемесінде Наурыз мерекесіне орай "Қош келдің, әз Наурыз" тақырыбы аясында мектебіміздің жас мамандары және мектеп оқушылары ұлттық мерекемізді атап өтті. Кеш барысында ұстаздарымыз ән салып, биші қыздарымыз би билеп өз өнерлерін көрсетті. Сондай-ақ халқымыздың көрісу, бата беру, сияқты дәстүрлерінде көрсете білді. Кешіміздің мақсаты, төл мерекемізді өсіп келе жатқан жас ұрпақ бойына сіңдіре білу, дәстүр-ғұрпымызды кеңінен дәріптеу.