01
March
2021
«Оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру»
Түркістан облысы Мақтаарал ауданының адами әлеуетті арттыру бөліміне қарасты М.Ғабдуллин атындағы N52 жалпы орта мектебінде 26-ақпан күні «PISA халықаралық зерттеуін жүргізу аясында оқушылардың ғылыми-жаратылыстану бағытындағы функционалдық сауаттылығын дамыту» тақырыбы аясында серіктес мектептермен онлайн конференция өткізілді. Оқушыларымыздың креативті ойлау қабілеттерін дамыту жолдары және PISA халықаралық зерттеу жұмыстары аясында іс-тәжірибе алмасу мақсатында өткізілген бұл конференцияда PISA зерттеуінің үлгі тапсырмалары туралы терең айтылды.
Конференцияда мектебіміздің математика пәні мұғалімдері Г. Генжебекова «PISA халықаралық зерттеу тапсырмаларын сабақта қолдану тиімділігі» және Р. Мелдебеков «Оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру» және биология пәні мұғалімі А. Мырзабаева «Биология сабағындағы PISA тапсырмалары» тақырыбында баяндамалар оқыды.