Іс-шара » Ғабдуллин ЖОМ
Түркістан облысы
Мақтарал ауданы білім бөлімінің
"Ғабдуллин атындағы жалпы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
24
декабрь
2023

Іс-шара

«М.Ғабдуллин атындағы №52 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 2023 жылдағы атқарылған
оқу-тәрбие жұмысы бойынша қорытынды есебі
      «М.Ғабдуллин атындағы №52 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі 1979 жылы 560 орындыққа негізделіп типтік жобада салынған. 2016 жылы тағы 300 балаға арналған     қосымша ғимарат іске қосылды. Қазіргі таңда мектебімізде екі ауысымда оқитын 1297 оқушы білім алуда. Бұлардың ішінен Көк су елді мекенінен қатынап оқитын 69 оқушыға биылғы жылы мемлекет берген заманауи автобуспен тасымал ұйымдастырылған. Оқушыларға сапалы білім мен саналы тәрбие беруде мектебіміздің 150-ге жуық мұғалімі үздіксіз еңбек етуде.
    🔹️ Мұғалімдер санаттары бойынша төмендегіше: 
Педагог- модератор – 31 (21,5%)
Педагог-сарапшы – 34 (23,6%)
Педагог-зерттеуші – 54 (37,5%)
Педагог-шебер – 9 (6,2%)
  🔴Білім сапасы
🔹️ Былтырғы  2022-2023 оқу жылында 11 оқушы  9-сыныпты негізгі орта білім туралы үздік аттестатпен аяқтаса,  ҰБТ-ға қатысқан мектеп бітіруші түлектерінің орта балы –  84,9 болды. Бұл көрсеткіш бітіруші түлектердің 61% білім сапасын көрсетеді. Осы тестілеу барысында 11-сынып оқушысы «Алтын белгіге» үміткер Тоқтар Мадина 121 балл жинап, ұстаздар үмітін ақтап шықты. 
   Ал биылғы 2023-2024 оқу жылында 9-сыныптар бойынша 10 оқушы үздік аттестататқа үміткер болса, 11-сыныптар бойынша 8 оқушымыз “Алтын белгіге” үміткер. Олар: Н.Асар, Ш.Авалбаева, З.Ерзада,  С.Дауытқызы, М.Нұрмахан, А.Тұрсынбай, О.Хазраткулова, Ж.Шотай.
 🔴Оқушылар жетістігі
   «Шәкірт жетістігі – ұстаз жемісі» демекші, ұстаздарымыздың тынымсыз еңбегінің арқасында жыл сайын оқушыларымыз аудандық, облыстық олимпиадалар мен түрлі байқаулардан жүлделі орындармен оралуда. 
     Былтырғы оқу жылында жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиадасының аудандық кезеңіне қатысқан  9 оқушымыз жүлделі орындарға ие болды және олардың үшеуі облыстық кезеңге қатысып, жүлдемен оралды.  2022-2023 оқу жылындағы облыстық жетістіктер
 🔹️Химия пәнінен 9-сынып оқушысы Құралбай Айгерім облыстық олимпиададан жүлделі 3-орын    
  Жетекшісі Г.Аширова.
 🔹️Өзбек тілі мен әдебиеті пәнінен Авалбаева Шахзода облыстық олимпиададан жүлделі 3-орын.    Жетекшісі Ш.Мусирманова.
 🔹️Өзбек тілі мен әдебиеті пәнінен Мамарасул Бехруз облыстық олимпиададан  алғыс хат. Жетекшісі Ш.Мусирманова
 🔹️9-сынып оқушысы Кидиркан Жазира облыстық С.Нұртаев атындағы Қазақстан тарихы  олимпиадасынан   2-орын.   Жетекшісі А.Уразов.
 4-сынып оқушысы Жұмабай Айару облыстық «Зерде» ғылыми жобалар байқауынан  3-орын.   Жетекшісі Ж.Айнабекова
Оқушылардың осы жетістіктері үшін мектеп директоры Ж.Айнабекова мен оқу ісі бойынша орынбасары Ж.Ауелбеков жыл қорытындысында білім бөлімінің басшысы тарапынан марапатталды.                                                                 
    🔴2023-2024 оқу жылындағы облыстық жетістіктер
  9-сынып оқушысы Азамадин Анес «Ұлы өнертапқыштыққа алғашқы қадам» инновациялық идеялар   байқауының облыстық кезеңінен 2-орын (Жетекшісі Хакимов Жанас) 
  9-сынып оқушысы Парманов Реджеббек «Ұлы өнертапқыштыққа алғашқы қадам» инновациялық   идеялар байқауының облыстық кезеңінен  3-орын (Жетекшісі Еңсегенов Амангелді) 
  10-сынып оқушысы  Кидиркан Жазира қараша айында өткен  жалпы білім беретін пәндер бойынша ғылыми жобалар байқауының облыстық кезеңінен 3-орынды иеленді және тестілеу нәтижесі арқылы  оқушымыз байқаудың республикалақ кезеңіне жолдама алды.  Жетекшісі Г.Аширова.
🔴Әдістемелік кеңес жұмысы
  жалпы 12  бірлестік жұмыс істейді. Әдістеме бірлестік жетекшілеріміздің жұмыс жоспарлары жыл басында бекітіліп, жоспарға сәйкес әдістемелік кеңес өткізіліп, қаралатын барлық мәсеселер талқыланып, хаттамаға түсірілді.
Мұғалім жетістігі бойынша 2023 жылы жалпы саны 50-ге жуық марапаттар тіркелді. Биылғы оқу жылында мұғалімдер арасында болған бастауыш сынып пән олимпиадасына қатысып ауданнан топ жарған Шамшиева Айнур апайымыз олимпиаданың облыстық кезеңінде бас жүлдені иеленді. 
Мектебіміздің музыка пәні мұғалімі Рустемова Ақмарал ұстазымыздың жетекшілігімен «Атадан мұра» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен өткізілген республикалық байқауда мектебіміздің оқушыларынан құралған «Бәйшешек», «Марал» топтары жеңімпаз атанып, Туркия еліне жолдама алды. 
Сонымен қатар, география пәні мұғалімі Жанабаева Айзада ұстазымыз «Педагогикалық идеялар фестивалі» аудандық кезеңінде бас жүлдені иеленіп, облыстық кезеңде ІІІ орынды иеленді.
«Үздік бастауыш сынып мұғалімі-2023»байқауының облыстық кезеңінде Қаржаубаева Сауле ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды.«Үздік авторлық бағдарлама» байқауының облыстық кезеңінде Мусырманова Шахноза жүлделі  ІІІ орынмен марапатталды. 
     Мектебімізде жалпы  14 жас маман жұмыс істейді. Жаңа жұмысқа кірген  жас мамандар үшін оқу жылының басында тәлімгерлер бекітіліп, жас мамандармен жұмыс жүргізу жоспары құрылып, жоспарға сәйкес арнайы іс-құжаттары жинақталады.
   Жас мамандармен әрдайым іс-шаралар ұйымдастырылып отырады.  Атап айтқанда,  «Сақталсын есімдерің жан жүректе» тақырыбында іс-шара, «Оқушыларды ғылыми жобаға дайындау жолдары» атты тренинг, «Ең тиімді әдіс-тәсілдер» тақырыбында  жас мамандарға арналған мектеп тренерлерінің өткізген «шебер сынып»  жас мамандарымызға қосымша тәжірибе болды.     
  02.11.2023 күні  жас мамандар «Мұғалімнің кәсіби шеберлігі – нәтижеге бағытталған білім беру негізі» тақырыбындағы семинарға қатыстырылды. 2023 жылы жалпы саны 20-ға жуық жас мамандарға арналған іс-шаралар ұйымдастырылды.
        Пән апталықтарының өткізілуі бойынша биылғы оқу жылында жалпы саны 30-ға жуық  іс-шаралар, апталықтар  жоспары бекітіліп, өз деңгейінде өткізілді. Апталықтарда өтілген және жоспар бойынша өткізілген ашық сабақтар мектебіміздің әлеуметтік желісінде жарияланып отырды. 
      Мектебіміздің  әлеуметтік желісі мен мектеп сайтының  жүргізілуі бойынша биылғы оқу жылында жалпы саны 250-ге жуық, яғни қыркүйек айында- 63, қазан айында-92, қараша айында -52, желтоқсан айында жүргізілген 48  іс-шаралар бойынша мақала жарияланды.
      Мектебіміз жетекші мектеп ретінде серіктес мектептермен, атап айтқанда, Ғ.Мүсірепов №53 ЖББМ, Қ.Абдалиев №54 ЖББМ, Садриддин Айни №55 ЖББМ-мен  бірлесе жұмыс жүргізіп келеді.Биылғы 2023-2024 оқу жылының басында серіктес мектеп үйлестірушілерімен бірлесе отырып оқу жылына жоспар құрылды және аудан тарапынан бекітіліп, сол бекітілген жоспар бойынша жұмыс жүргізілуде.
2023 оқу жылында серіктес мектептермен жүргізілген жұмыстар барысында  жоспар бойынша  түрлі тақырыпта жалпы саны 12 семинар-коучингтер  өткіздік.
Тәжірибе алмасу мақсатында 14.03.2023 жылы С.Айни мектебінде «Жас ұрпаққа тәрбие мен білім берудегі мұғалімнің рөлі», 10.03.2023 Ғ.Мүсірепов мектебінде «Қалыптастырушы бағалау – табысқа жету баспалдағы» семинар-коучингтері  өтті.
«Ең үздік жас мамандар» сайысы ұйымдастырылып, оған серіктес мектептердің жас мамандары қатысты. Сайыс тартысты әрі жоғары деңгейде өткізілді.
              🔴  Тәрбие саласы 
   «Біртұтас тәрбие бағдарламасы» аясында  Мақтаарал АПБ бастығының орынбасары полиция подполковнигі Қ.Сатыбалдиев ,Мақтаарал АПБ, ЖПБ ППТ инспекторы полиция аға лейтенанты Қ.Алсейітов және КТІЖ аға УПИ полиция майоры  Т.Гулиев, мектеп УПИ полиция майоры С.Бабаевтың қатысуымен мектептің  жоғары 8-9-10-11 сынып оқушыларымен «Кәмелет жасқа толмағандар мен жасөспірімдер арасында құқықбұзушылықтың алдын алу»тақырыбында кездесу болып өтті. «Жасөпірімдер арасында құқық бұзушылықтың алдын алу» жұмыстары жүргізілді. 
Мақтаарал ауданы білім бөлімінің әдіскері  С.Сүлейменова мен  Мақтаарал  АІІБ,ЖПҚ,КТІЖ аіа УПИ-ры полиция майоры Т.Гулиев бірлесе  жасөспірімдер арасында қылмыс пен құқықбұзушылықтың алдын-алу, салауатты өмір салтын насихаттау және қалыптастыру мақсатында профилактикалық түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
«Жасөспірім және қылмыс», «Ұрлық түбі қорлық», «Жолда жүру ережесін бұзба!», «Абайлаңыз, балалар!» атты іс-шаралар  ішкі істер органдары қызметкерлерінің қатысуымен өтіп, ата-аналар мен оқушыларға түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
 «Тәрбие ісінің үздіктері» байқауының аудандық кезеңінен мектептің директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Г.Зиякулова II-дәрежелі дипломды иеленсе, сынып жетекші А.Медиманова  III-дәрежелі, тәлімгер А.Сугурова III-дәрежелі дипломды иеленді.
25 қазан –Республика күніне орай облыс оқушылары арасында өткен  «Көк тудың желбірегені» атты ақындар айтысына қатысқаны үшін 7-сынып оқушысы Бердібек Мадина марапатталды. Жетекшісі  директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары С.Серманизова.
       🔴  Салауатты өмір салтын насихаттау
Спорт саласы бойынша дене шынықтыру мұғалімдері үйірме жұмыстарын жүргізуде. 2009 жылғы жасөспірімдер арасында ауыл командалары арасында Қазақстан Республикасының чемпионатында  мектеп оқушылары I-орынды иеленді. Оқушыларымыз кешегі Шардара қаласында өткен өңірлік  тоғызқұмалақ, шахмат,асық ату ойындарынан II-орын иеленіп, жеңіс тұғырынан көрінді.
Аудандық 9-10-11 сынып оқушылары волейболдан III-орын,7-8 сынып оқушылары теннистен III-орын, тоғызқұмалақтан 9-10-11 сынып оқушылары I-орын иеленсе,асық атудан 9-10-11 сынып оқушылары I-орын, 5-6-7-8 сыныптар II-орын, 7-8 сынып оқушылары футболдан III-иеленді.
«Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес»күніне орай оқушыларға адалдық сынып сағаттары өткізілді.
«Зорлық- зомбылыққа қарсы-16 күн»науқаны тұсында бірнеше бағытта іс-шаралар өткізілді.
 «Бестерек»жобасы аясында психологиялық қызмет көрсету жұмыстары жүргізілуде.
🔴️Ыстық тамақпен қамтамасыз ету
   ҚР Президенті Қасым Жомарт Тоқаевтың тапсырмасын орындау мақсатында 2023-2024 оқу жылының  қыркүйек айынан бастап барлық  1-4 сынып оқушылары 100 пайыз мектепте ыстық тамақпен қамтамасыз етілді. Бұл жаңалық ата-аналарды да, балаларды да қуантты. Себебі бұған дейін тегін ыстық тамақ тек аз қамтамасыз етілген отбасынан шыққан балаларға ғана берілген болатын. Мектептегі қамқорлық кеңес, ата-аналар комитеті, мектеп әкімшілігі мен медбикенің қатысуымен тамақтану сапасын мониторингілеу бойынша комиссия мүшелері қадағалап отырды. Мемлекет басшысының бұл бастамасы өз кезегінде балардың денсаулығының жақсы дамуына, оқу үлгеріміне және әл-ауқатын жақсаруға оң әсер ететіні сөзсіз. Қазіргі таңда 1-4 сыныптар арасында 480 бала бір мезгіл ыстық тамақ ішеді, қосымша аз қамтамасыз етілген 55бала тамақтанады. Мектебімізде жалпы 535 оқушы мемлекет тарапынан берілген ыстық тамақпен қамтылып отыр.
     Қорыта айтқанда, жоғарыда атқарылған  іс-шаралар мен жетістіктер – 2023 жылдағы жоспарлы жасалған мектебіміздің тыныс тіршілігі және мектеп әкімшілігі мен білікті ұстаздарымыздың еңбектерінің жемісі. 
     Келесі жаңа оқу жылында бұдан жоғары жетістіктер мен көрсеткіштер көрсете аламыз деген сенімдеміз.   
                                                                 «М.Ғабдуллин атындағы №52 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры Ж.Айнабекова

Похожие публикации:

18 октябрь 2023 Іс-Шара
10 октябрь 2023 Іс-шара
27 март 2023 Іс-шаралар
09 январь 2023 іс-шаралар
06 май 2022 Іс-шаралар
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив