08
декабрь
2023
Іс-Шара
Түркістан облысы Мақтаарал аудандық білім бөліміне қарасты
"М.Ғабдуллин атындағы №52 жалпы білім беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесінде мектепалды даярлық "Б" сыныбы апталық жұмыс жоспарына сәйкес сауат ашу пәнінен "Дыбыстық талдау. Ққ дыбысы" тақырыбында ұйымдастырылған оқу іс-әрекетін өтті.
Мақсаты: Ойын түрінде түрлі тапсырмалар орындатып, ұйымдастырылған оқу іс-әрекетіне деген қызығушылығын арттыру.
Балалар ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде пазлдар құрастырды, сиқырлы су әдісі арқылы жаңа сабақтың тақырыбын ашты,сөздерге дыбыстық талдау жасады, фонарик әдісі арқылы өткенді қайталады, планшет әдісі арқылы жаңа әріпті жазды,асықтармен сергіту сәтін орындады, сиқырлы қалпақ әдісі арқылы кері байланыс жасады.
Тәрбиеші: А.А. Ирназарова