03
апрель
2023
Іс-шаралар
Құрметті ата-аналар!
Бірінші сыныпқа балалардың құжаттарын қабылдау 1 сәуірден басталады. Мектепке алты жасар балалар мен ағымдағы күнтізбелік жылы 6 жасқа толатын балалар қабылданады.
Айта кету керек, баланың жасы 1 қыркүйек айы жағдайына толық 6 жасқа толған болса,барлық балалар қабылданады. Ал жасы толық 6 ға толмаған балалардың (олардың жасы үстіміздегі жылы 1 қыркүйектен кейін толатын болса) тек ата-аналары немесе басқа заңды тұлғалары қалаған жағдайда мектепке бару мүмкіншіліктері бар.
Мектепке құжаттар «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы электрондық нысанда жүргізіледі. mektep.snation.kz
Білім беру ұйымы міндетті көрсетілген тізбеден тыс құжаттарды тапсыруды өтініш берушіден (Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 12 қазандағы № 564 бұйрығы) талап етуге құқығы жоқ.
Ата-аналар электронды форматта
1. өтініш
2. туу туралы куәлік көшірмесі
3. баланын денсаулығы паспорты нысанындағы анықтама
4.Денсаулық жағдайы туралы № 063/у
5. 2 фотосурет тапсырады.