Іс-шаралар
“М.Ғабдуллин атындағы N52 жалпы орта мектебі” коммуналдық мемлекеттік мекемесінде технология пәні мұғалімі А.Раушанова 25- қазан Республика күнін атап өту іс-шаралар жоспарына сәйкес халқымыздың рухын, ұлттық салт- санасын, қаһармандығын мен даналығын, болашаққа үмітін, арман- тілегін жеткізетін ерекше құнды белгілерді жас ұрпаққа дәріптеу, насихаттау мақсатында патриоттық суреттер байқауын өткізді. Байқауға оқушылар белсене қатысып, шығармашылық қабілетінен туған тамаша туындыларды ұсынды.