01
март
2021
«ҰШҚЫР ОЙЛЫ ШӘКІРТТЕР»
«ҰШҚЫР ОЙЛЫ ШӘКІРТТЕР»
2021 жылдың 28-29 қаңтар күндері аралығында Түркістан қаласында «Алғыс айту» күніне арналған «Ризашылық-мейірімділік бұлағы» жалпыұлттық мәдени-білім беру жобасы аясында "Ұшқыр ой алаңы" оқушылардың республикалық дебаттық турнирінің облыстық кезеңі болып өтті. Мақтаарал ауданының намысын қорғауға құрылған үздіктер қатарында М.Ғабдуллин атындағы N52 жалпы орта мектебінің 10 сынып оқушысы Илесбекова Манзура да қатысты.
Дебат барысында үздік оқушымыз Манзура мәдени сөйлеу шешендігімен, зияткерлік қабілеттерімен «І дәрежелі Дипломмен» марапатталды. Жеңімпаз аталған оқушымыз Манзура, өз командаласымен бірге Республикалық дебаттық турниріне жолдама алды.Манзура мен оның жетекшісі мектебіміздің қосымша білім беру педагог, Саматова Лола Мақтаарал ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің басшысы М.Серикбаевтың қабылдауында болып, жүлделі марапаттары табысталды. Саматова Лолаға Мақтаарал ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімі тарапынан Алғыс хатымен марапатталды.
Оқушылардың жеңістері құтты болсын! Биік белестерді бағындыра берсін! Мақтаарал ауданының намысын қорғайтын шәкірттеріміз көп болсын!