Серіктес мектеппен кәсіби желілік қауымдастық орната отырып, жұмысты тиімді үйлестірудегі, жетекші мектептің ролі. » Ғабдуллин ЖОМ
Түркістан облысы
Мақтарал ауданы білім бөлімінің
"Ғабдуллин атындағы жалпы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Серіктес мектеппен кәсіби желілік қауымдастық орната отырып, жұмысты тиімді үйлестірудегі, жетекші мектептің ролі.
30
март
2021

Серіктес мектеппен кәсіби желілік қауымдастық орната отырып, жұмысты тиімді үйлестірудегі, жетекші мектептің ролі.

                                                  
                                                   

Серіктес мектеппен кәсіби желілік қауымдастық орната отырып, 
жұмысты тиімді үйлестірудегі, жетекші мектептің ролі.

«Білекке сенген заманда ешкімге дес бермедік,
Білімге сенген заманда қапы қалып жүрмелік.»
                                                                                                                                        Абылай хан.

     Қазіргі ұстаз бейнесі: Педагогикалық үрдісте жүйелі жұмыс жүргізе алатын және жаңаша ойлау жүйесін меңгере алатын, педагогикалық өзгерістерге тез төселетін, инновациялық білімді дамыта отырып, жаңа педагогикалық идеялар мен жаңалықтарды өмірге әкелетін, оқушылармен ортақ тіл табыса алатын, білімді, іскер, шебер маман иесі болуы қажет, сонда ғана өзіміздің мақсатымыз айқын болары анық.
     Жетекші мектептің негізгі қызметінің бірі-серіктес мектептерге қолдау көрсету. Жетекші мектептің басты ұстанатын қағидаттары білім саласындағы қандай болмасын жаңалықтар мен өзгеріске дайын болып, сол бағытта белсенді шараларды жоспарлап, үнемі кәсіби дамып отыру.
    Қазіргі уақытта мектеп ісінің ішкі жүйесіне бірқатар өзгерістер енгені белгілі. Сонда да мектебіміздегі өзгеріске қарамастан мұғалімдер өз біліктіліктерін көтеруде. Шәкірттерге білім берумен қатар кәсіби байқауларға, жеке электронды беттерді құруға, кітапхана және кәсіби байланыстарға үнемі желілік қоғамдастық орнатуда. Соның ішінде білім жетілдіру жұмысының маңызды түрлеріне: сайыстар, олимпиадалар, ғылыми конференциялар, семинар тренингтер, әдістемелік кеңестерге мән бере отырып, дарынды және талантты оқушыларды жетілдіруде. 
   Білім ордамызда әдістемелік жинағы бар, ғылыми-зерттеуші, практика жүзінде өзіндік идеясы бар, көптің сұранысын қажет ететін, өзгені қызықтыратын әдіс-тәсілі бар, озат тәжірибелі ұстаздар серіктес мектептерге жетекшілік жасап, желілік қауымдастық орната отырып, жұмысты жүйелі жүргізуде. 
    Серіктес мектепке жетекшілік жасаудағы міндетіміз: қоғамдастық мүшелерімен сенімді қарым-қатынас құру, желілік қауымдастық құру арқылы ой-бөлісу, тәжірибе алмасу, біліктіліті дамыту, ортақ шешімге келу және мұғалімнің ақпарат алмасуына жағдай жасау, мәселені бірлесе отырып талқылау, талдау, ақпарат алмасу, үздік педагогикалық тәжірибелерді тарату, кері байланыс алу құралдарын: электронды пошта, zoom, онлайн конференция т.б ұсыну.
  Қиындықтарды шешу мақсатында серіктес мектептермен дөңкелек үстелдер, семинар-кеңестер, коучинг және кәсіби әңгімелер, үш тілде сабақ жүргізіп және шебер сыныптар ұйымдастырып, серіктес мектептер мұғалімдеріне кәсіби қолдау көрсетілуде.

  Біз серіктес мектептерге жетекшілік жасай отырып, мынадай нәтижелерді күтеміз:
•     сабақта АКТ –ны тиімді пайдалануына ықпал жасау;•      мұғалімдер үнемі ізденісте болып, кәсіби дамиды;•     сынып оқушыларының нәтижесін көреді;•     іс-әрекеттегі зерттеулер нәтижесін көре алады;•     өзіне сенімді, жаңашыл, шебер ұстаздар қалыптасады,•     мектептер арасында ынтымақтасқан орта қалыптасады;•     бірлескен жұмыс нәтижесін көре алады;•     критериалды бағалау жүйесін тиімді қолдануды үйренеді;•     Lesson Study әдісін қолдануды үйренеді;
  Міне, білім беру саласында осындай игі бастамаларды одан әрі дамыту мақсатында және ертеңгі еліміздің болашағы-бүгінгі жастардың қолында болғандықтан, ел тізгінін ұстайтын ел ағалары үшін,  жаңаны жатсынбай, педагог кадрлар өздерінің кәсіби деңгейлерін көтеруде. Елбасымыз бүгінгі таңда ұстаздар қауымына үлкен сенім білдіріп, ұстаз мәртебесін көтеруде. Жаңашылдыққа-жаңаша көзқараспен қарайық ұстаздар.
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив