17
October
2024
"Жүрегімдегі Қазақстан"
Түркістан облысы Мақтаарал ауданы "М.Ғабдуллин атындағы №52 жалпы білім беретін мектеп "Education Department of Kerbulak districtнде 2024 жылдың қазан айында, Көкшетау қаласы М.Ғабдуллин атындағы №3 көпсалалы мектеп-гимназиясы Ақмола облысы мәдениет басқармасының «Мәлік Ғабдуллин музейі» КММ ұйымдастыруымен ҚР жазушылар мүшесі, ҚР журналистер одағының мүшесі,сурыпсалма ақын "Жас ғабдуллиншiлдер" клубы республика бойынша Кеңес Одағының Батыры, академик, жазушы, қоғам қайраткерi М.Ғабдуллин есiмi берiлген мектептер желісін құрған Мырзабек Құдайберлі Рақымбекұлының 60 жылдық мерей тойына арналған «Жүрегімдегі Қазақстан» тақырыбында 03 қазан күні Республика көлеміндегі М.Ғабдуллин атындағы 9 мектептер арасында онлайн серіктестік семинары өтті.Онлайн семинарда онлайн газет қорғау "Жүрегімдесің Ғабдуллин"газетінің бірінші бетінде Аширова Гүлжанат ұстаздың "Сан қырлы көрнекті кемеңгер" тақырыбын клуб мүшесі Құралбай Айгерім қорғап берді. Мырзабек Құдайберлі Рақымбекұлының өлеңдер шумақтарынан үзінді оқыған Торпы Шапағат және қайым айтыс 8 «Б» сынып оқушылары Әбдіхайыр Жалғас пен Бердібек Мадинаның айтысын клуб жетекшісі Асылхан Шотаев ұстаз қорғады.Семинар барысында Ғабдуллиннің ерен еңбегі,оның өмірбаяны,қалам тербеген шығармалары жайында кеңінен оқушылар мен ұстаздар арасында сұхбат алысты.Сондай -ақ биыл 60 жасқа толған Құдайберлі ақынның өлеңдері,қала берді айтыс жанрындағы оның айтқан еңбектері жайында оқушылар арасында айтыс,ұлттық дәстүрлері туралы да айтылды.Семинар өте жоғары дәрежеде өтті.Семинардың соңында ұстаздар тарапынан көптеген ұсыныстар жасап,осындай игі іс-шаралар болып тұруын яғни болашақта М.Ғабдуллин атымен аталатын мектептер арасында командалық айтыс жүргізу жайында М.Ғабдуллин атындағы №52 жалпы білім беретін мектебінің жетекшісіне ұсыныс айтылды.Оны музейдің директоры Мырзабек Құдайберлі Рақымбекұлы қабылдай отырып,келешекте мектептер арасында топтық ,командалық жарыс жүргізуі жайында айтып өтті.
Семинардың соңында қазақтың ақиық ақыны айтыс жанрында өзіндік ерекшелігі бар 60 жасқа толып жатқан Мырзабек Құдайберлі Рақымбекұлы бата беріп,ізгі тілекпен семинарды аяқтады.
Серіктес мектептер арасындағы байланыс 2016 жылдан бері жалғасын тауып келеді. Оқушылар Қ.Рақымбекұлының өмірі,шығармашылық жолы мен мұражай жұмысын жүргізудегі атқарған жұмыстары жайлы айтып, қоғам қайраткеріне қажыр-қайрат, толағай табыстар мен ақжарма тілектерін арнаған жұмыстарын мектебімізде онлайн газет бетіне жарияланды.
ДТІЖО Зиякулова Гүлжайна.
https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=pfbid02ENQ3YjkzQUAiPAXp9oJHhhTtX4S1FSSN2hwk2VJtH4TA6fgmdjM21NTdM929mjfVl&id=100023887930317&sfnsn=wa&mibextid=RUbZ1f