Activity
Құрметті ақ жаулықты әжелер, ару аналар! Қыз-келіншектер! Сіздерді көктемнің шуақты мерекесі – 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймын! Бүгінгі бар тіршілік, жарық дүние, бақытты өмір әйел-ананың аялы алақанында. Адамзат баласына тән қасиетті, сүйіспеншілік пен іңкәрліктің, сұлулық пен махаббаттың, қайырымдылық пен ақылдылықтың бар болмысын бір бойына сіңіре білген ақ пейілді, дарқан жүректі нәзік жандарға арналған мереке табиғаттың оянуымен бірге келуі бекер емес.